7655

Достық үйінде «ANK livе» студиясы ашылды

Достық үйінде «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медальдарын тапсыру салтанаты өтті. Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұрат төсбелгілерді тапсыру рәсімінде Ассамблеяның індет кезіндегі еңбегін атап өтіп, қала халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Достық үйі еліміздегі қаншама ұлт өкілдерін бір арнада тоғыстырып отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының пандемия кезінде елдің дамуына қосқан үлесі жоғары. Халық үшін қызмет еткендердің еңбегі елену қажет. Төтенша жағдайда қаншама қызмет түрлері көрсетілді. Жалпы, «ANK livе» студиясы 3 айдан бері қала игілігіне жарап келеді. Дегенмен міне, бүгін Достық үйіндегі игі істердің қанатын кеңге жайдыратын жаңа студия ресми түрде ашылды. Барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын», – деді Дәурен Бабамұрат.

Шара аясында ресми түрде аталмыш орданың «ANK livе» студиясы ашылды.
Студия тікелей эфирде сұхбат, брифингтер, дебаттар мен онлайн кездесулер өткізуге арналған. Заманауи техникамен жабдықталған студия алдағы уақытта Достық үйінің ғана емес астананың түрлі тақырыптарды талқылайтын диалог алаңына айналады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109