7208

Тәуелсіздік күніне орай Нұр-Сұлтандағы халықаралық әуежай жолаушыларына музыкалық флешмоб ұйымдастырылды

Тәуелсіздік күніне орай «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы елорда тұрғындары мен қонақтарын ерекше сыйлықпен қуантты. Мерекелік жоба «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайымен» бірге дайындалған.

Мерекелік қойылымға бас қаланың тұрғындары мен әлемнің әр түкпірінен елордаға келген қонақтар куә болды. «Астана» музыкалық театры орындаған музыкалық флешмоб Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың барлық жолаушыларын таңдандырды. Театр әртістері Абайдың «Айтым сәлем қаламқас» әнін шырқады. Сонымен бірге «Астана мюзикл» әртістері «Керім-ау айдай» халық әнін орындады. Ерекше қойылым әртістермен бірге ықыласпен ән айтқан көрермендерді шабыттандырды. Іс-шара барлық санитарлық нормаларға сәйкес өтті.

Айта кету керек, елордадағы бұл ерекше акция «Менің Туым. Менің Отаным!» челленджі аясында өтті.
Еске салайық, челлендж Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 14 желтоқсанда басталып, бүгінге дейін жалғасуда. Акцияны елордалықтар қолдап, балкондарына ту іліп қойды. Осылайша, қала тұрғындары қазақстандықтарды мерекемен құттықтап және челленджді қолдауға шақырды. Сондай-ақ азаматтар #МеніңТуым #МеніңТуымМеніңОтаным #МойФлагМояРодина #ЦветМоейРодины #БіздіңОртақМереке #НашОбщийПраздник хэштегімен Қазақстан Республикасының туымен байланысты жазбалар, фотосуреттер, видео мен сюжеттер жариялау арқылы челленджге қатыса алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109