4689

Нұр-Сұлтанда фельдшерлер, мұғалімдер мен медбикелерге пәтер берілді

150 отбасы Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірге жүзеге асырылып жатқан пәтерлерден баспаналы болды. Аталған бағдарлама бойынша 1 мыңға жуық пәтер беру жаспарланып отыр, 500-ден астамы берілді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Бұл күн еліміздің 150-ден астам отбасына Тәуелсіздік күнімен қатар өз пәтерлеріне қоныстану күні ретінде де есте қалмақ! Мереке күні қала тұрғындарына пәтер кілттері табысталды. Олардың ішінде фельдшерлер, медбикелер, мұғалімдер, дәрігерлер және т. б. бар.

Аталған пәтерлер кезекте тұрғандар арасында Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірге жүзеге асырылды. Жаңа тұрғын үй елордамыздың Алматы ауданында, жаңа вокзалдың жанында орналасқан. Жанында медициналық орталықтар, мектептер, балабақшалар бар. Бұл автономды қазандық табиғи газға қосылған алғашқы үй.

Бұған дейін ҚИКпен бірлесе әлеуметтік пәтер алушылар санатын едәуір кеңейттік. Тізімге медицина қызметкерлері мен мұғалімдерден басқа әлеуметтік қызметкерлер, төтенше жағдай департаментінің, полиция департаментінің қызметкерлері, мәдениет және спорт қайраткерлері кірді. Аталған бағдарлама бойынша 1 мыңға жуық пәтер беру жаспарланып отыр, 500-ден астамы берілді. Құжаттама бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтерлер сатып алу құқығымен беріледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайтылды. Жыл соңына дейін халықтың әлеуметтік әлсіз топтарынан кезекте тұрғандарға арналған пәтерлердің тағы бір партиясын беруді жоспарлап отырмыз! Қолжетімді тұрғын үй құрылысына үй құрылысы комбинаттары да көмектеседі. Жақында қалада осындай екінші комбинат ашылды. Олардың артықшылығы - үйлерді салу мерзімі қысқарады және шаршы метрдің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! 29 жыл ішінде толағай табыстарға қол жеткізілді, алайда алар асуымыз алда! Баршаңызға денсаулық, табыс және амандық тілеймін!" - деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109