10672

Нұр-Сұлтанда тағы бір мектеп ашылды. Үш ауысымды мектептер саны 2 есе азайды

Елордада «Білім-Инновация» лицейінің оқушыларына арналған заманауи үш қабатты мектеп ашылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің «Instagram» парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Елордада заманауи үш қабатты мектеп ашылды. Жаңа оқу орны заманауи жабдықтармен жабдықталған. Балалар
биология, химия, математика, робототехника пәндерінен алған теориялық білімдерін бірден тәжірибеде қолдана алады. Мектепте домбыра, шахмат, тоғызқұмалақ кабинеттері, спорт секциялары және т.б. бар. Бұрын дарынды балаларға арналған "Білім-инновация" мектеп-лицейінің оқушылары 50 жыл бұрын салынған ғимаратта білім алып келсе, енді жаңа мектепте оқиды.

Биыл үш ауысымда оқытатын мектептер мен шамадан тыс жүктеме артылған мектептер саны 2 есеге қысқарды. Бірақ әлі де жұмыс істеу керек. Егер өткен жылы біз 6 мектеп салып, пайдалануға берсек, биыл бұл көрсеткіш екі есе көп. Олардың бір бөлігі пайдалануға берілді. Келесі жылдарға дайындық жұмыстары басталды.

Мектеп құрылысы кезінде олардың көлемі ескеріледі. Мысалы, желтоқсан айының басында бұрые бірде-бір мектебі болмаған Мичурино елді-мекенінде мектеп ашылды. Оқушылар мектепке бейімделген ғимаратта оқыды, сабақтар 3 ауысымда өтті. Енді оқушылар үш қабатты кең ғимаратта білім алып жатыр.

Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 50-ге жуық мемлекеттік мектеп салу жоспарланған. Оқу орындарының құрылысына да инвесторларды тартамыз», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109