8092

Әншілер, спортшылар және қоғам қайраткерлері «Менің Туым. Менің Отаным!» акциясына қатысты: Елорда бойынша мыңнан астам ту ілінді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елорда тұрғындары «Менің Туым. Менің Отаным!» челленджін қолдады. Осылайша, «Думан» қонақ үйінің қасбетіне, терезелер мен балкондарға 30 ту ілінді. Қазақстан Республикасының үлкен туы «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығында орнатылды. Акцияны сондай-ақ тұрғындар, үкіметтік емес ұйымдар балкондарда Қазақстан Республикасының туларын орналастыра отырып, шетелде білім алып жатқан студенттер де қолдады.

«Әр қазақ баласы үшін тәуелсіздіктен терең, азаттықтан асыл ұғым жоқ шығар. Мінекей, қаншама ғасыр армандаған көк туымыз көгімізде желбіреп тұр. Елбасымыз айтқандай, тәуелсіздікті қолдан ұшырып алу - бабалар аманатына қиянат. Сондықтан ұлт болып келер ұрпаққа тәуелсіздікті аман-есен табыс етуді Алла нәсіп етсін. Әр қазақтың шаңырағына береке, бірлік тілеймін. Елдігіміз жасай берсін!», - дейді әнші, спортшы Ибрагим Ескендір.

«Барша қазақстандықтарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Мерекеге орай "Менің туым. Менің Отаным!" челленджін қолдаймын. Тәуелсіздік оңай келе салған дүние емес. Сондықтан тәуелсіздіктің не екенін жастардың санасына сіңіру керек. Көк туымыз әрқашан биікте желбірей берсін», - дейді қала тұрғыны Сейілхан Үйсінбеков.

Айта кетейік, қаланың орталық көшелерінде (Тәуелсіздік, Б. Момышұлы, Сарайшық, Сықанақ, А.Байтұрсынұлы, Республика Ж. Түшенев және т.б.) жол бойында Қазақстан Республикасының тулары ілінді. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласының айналасында мыңнан астам ту ілінген. Акция

Сонымен қатар азаматтар #МеніңТуым #МеніңТуымМеніңОтаным #МойФлагМояРодина #ЦветМоейРодины #БіздіңОртақМереке #НашОбщийПраздник хэштегімен посттар, фотолар, видео мен Қазақстан Республикасының туымен байланысты сюжеттерді жариялау арқылы белсенді бола алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109