8617

30 игі іс: ҚХА өкілдері мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін таратты

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орайластырылған «30 игі іс» акциясына қосылды. Парасат қайырымдылық орталығымен бірге ұйымдар мұқтаж 50 отбасына азық-түлік себеттерін сыйға тартты.

«Қазіргі қазақ қоғамында қайырымдылық шаралары ерекше орын алады. Елімізде көптеген қайырымдылық қорлары жұмыс істейтіні белгілі. Олардың мақсаттары мен бағыттары әртүрлі болғанымен, басты мақсаты - қоғамды дамыту. Осы игі істе Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы да қалыс қалмады. Бүгінде мұқтаж отбасыларға 50 азық-түлік себеті таратылды, онда ең қажетті тауарлар жарма, қант, май бар. Сонымен қатар балаларға арналған жиынтықта жаңа жылдық сыйлықтар бар », - деді елорда әкімдігі жанындағы «Қоғамдық Келісім» КММ өкілі Нүркен Әбдіғали.

Естеріңізге сала кетейік Нұр-Сұлтанда Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай «30 игі іс» эстафетасы басталды. Қамқор азаматтар, оның ішінде кәсіпкерлер, еріктілер, қоғам қайраткерлері және ұйымдар азық-түлік пакеттерін соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлері мен көмекке мұқтаж отбасыларға жеткізеді.

Сондай-ақ елордадағы «30 игі іс» акциясының қатысушылары жалғызбасты зейнеткерлердің үй аумағын қардан тазартуға, үй ішіндегі заттарды ретке келтіруге, үйсіз жануарларды паналайтын жерлерге көмек көрсетуде. Қыста қолайсыз ауа-райында еріктілер көшеде қала тұрғындары мен коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай мен бауырсақ таратуда.
Эстафетаның басты мақсаты - қала мен оның тұрғындарына жақсылық жасау.
Азаматтар эстафетаға қосылып, өз аккаунттарына #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хэштегімен ақпарат немесе видео орналастыра алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109