Нұр-Сұлтанда кәсіпқой бокс кеші өтті
Елордада қазақстандық және шетелдік спортшылардың қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтті.
Спорттық шараның басты кездесуінде қазақстандық спортшы Айдос Ербосынұлы WBC, WBO, WBA чемпиондық титулдарын қорғап, осы уақытқа дейін мансабында бірде-бір рет жеңіліс көрмеген ганалық боксшы Иссах Самирді жеңді.
«Сондай-ақ біздің отандастарымыз Бек Нұрмағанбетов, Евгений Павлов, Данила Семенов және Бекзат Нұрдәулетов қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, Тәуелсіздік күні қазақстандықтарға жеңіс сыйлады», - деп атап өтті елордалық дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Спорттық шара «ХАБАР» телеарнасында көрсетілді. Кәсіпқой бокс рингінде барлық санитарлық талаптар сақталып, жекпе-жектер көрерменсіз өтті.
Айта кету керек, кәсіпқой бокс кешін Suleimen Promotions промоутерлік компаниясы қала әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz