7410

«30 игі іс»: Жас Сарбаз қатысушылары соғыс ардагерлері мен елордадағы көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік пакеттерін табыстады

«Жас сарбаз» елордалық филиалының оқушылары елорда ардагерлері мен аз қамтылған отбасыларына қолдау көрсету акциясын өткізді. Оларға азық-түлік себеттерін беріп, оларды Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Елордада Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай «30 игі іс» акциясы өтіп жатыр. Оның аясында Нұр-Сұлтандағы «Жас сарбаз» филиалы Ұлы Отан соғысының, Ауған соғысының ардагерлеріне, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себеттерін жеткізуде.  Сонымен қатар «Астана Тазалық» ЖШС жұмысшыларына ыстық шай мен бауырсақ таратуда. Мұқтаждар тізімін алып,  мұндай шараларды ай сайын өткіземіз. Алдағы уақытта да көмек көрсетуді жоспарлап отырмыз», - деді «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ елордалық филиалы төрағасы Асхат Налшыбек.

Ардагерлер жасарбаздықтарды ризашылықпен қарсы алды.

«Барша Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын.  Баршаңызға денсаулық, бақыт және жақсы өмір тілеймін.  Ең бастысы - денсаулық.  Денсаулық болса, бәрі болады.  Жұмыс істеу керек.  Біз соғыстан кейін өте көп жұмыс істедік, үміт етер адам болмады. Ұмытпағандарыңа рахмет!», - деді ҰОС ардагері Иван Тютюн.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық шаралары өтіп жатыр.  Эстафетаның басты мақсаты - қала мен оның тұрғындарына жақсылық жасау.

Азаматтар акция аясында эстафетаға қосылып, #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хэштегімен өз аккаунттарына ақпарат немесе видео орналастыра алады.

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109