4906

«Нұрлы жер» бағдарламасымен пәтер алғандар өз үйлеріне кірді

Елордада әлеуметтік осал топтағы балалы отбасылар жаңа пәтерлерге көшуде.
24 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Тұрғын үй орталығында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өтініштер қабылданды. «Көп балалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін «Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша 126 пәтер сатылды.

«Жеті қыз, үш ұлым бар. Көпбалалы ана ретінде 2010 жылы кезекке тұрғанмын. Осы күнді он жыл күттік. Кеше ғана кілтті берді. Өте қуаныштымыз. Отбасымыздың арманы орындалды. Өте қиын кезде болды. Бұған дейін саяжайларды жалдап тұрып келдік. Үй жақсы, жылы. Мектеп жанында», - дейді Дана Тұрсынбаева.

Камина Байболованың да жаңа жылда көптен күткен арманы орындалғанын айтады. Ауданы 110 шаршы метр болатын жаңа пәтер берілген.

«Елордада тұрып жатқанымызға 20 жыл болды. Үй кезегіне тұрғаныма 12 жыл. Бала-шағамыздың несібесі шығар, бүгін көптен күткен арманымыз орындалып жатыр. Мемлекет басшысына, елорда әкіміне рахметімізді айтамыз», - дейді Камина Байболова.

Жаңа үйлер Е430, Р.Қошқарбаев даңғылы, Е435, Омаров көшесі, Ж.Нәжімеденов көшесі, А-91, Н.Тілендиев даңғылы мекенжайлары бойынша орналасқан.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109