5388

Мобильді топтар елорданың ойын-сауық мекемелерінде бұзушылықтарды анықтады

Карантин және шектеу шараларының сақталуын бақылайтын мобильді топтар елорданың бірқатар ойын-сауық орындарында жұмыс режимінің бұзылуын анықтады.

«18 желтоқсанда мониторинг тобы кешкі аралау кезіндетЕсіл ауданының полиция басқармасы қызметкерлерімен бірге ШОБ нысандарында карантин режимінің сақталуын тексерді: «Bla Bla» бар, Тұран даңғылы, 24; «Золото» мейрамханасы, Тұран даңғылы 21; «Dark Side» бары Мәңгілік д-лы, 52а; «Icon» клубы, Тұран даңғылы, 21; «Tequila» лаундж бары, Жекебатыр к-сі, 49; «Aura club ALANYA» түнгі клубы, Тұран даңғылы, 2. Бұл нысандардың барлығы жұмыс кестесін бұзған», - деп хабарлады Есіл ауданының әкімдігі.

Анықталған бұзушылықтар бойынша жедел хабарламалар жасалды, кәсіпкерлерден түсіндірме алынды.

Бүгінгі таңда бірқатар түнгі клубтар мен мейрамханаларға қатысты бұйрықты орындамағаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 7 әкімшілік хаттама жіберілді. Олар «SOVA» караоке-бары, «Жаным Сол» караоке-бары, «Alanya» түнгі клубы, «Teqila» лаундж-бары, «Echo» бары, «Золото» мейрамханасы.

«Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы өкілдері соттан жоғарыда аталған нысандар қызметін 3 айға дейін тоқтата тұру түріндегі қосымша жазаны қолдану туралы өтінім жібереді», - деп атап өтті санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.

Айта кету керек, елордада мереке күндері қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көшеде және көпқабатты үйлердің аулаларында, әсіресе ойын-сауық мекемелерінің аумағында және басқа да азаматтардың жаппай демалатын орындарында патрульдер ұйымдастырылған. Патрульдік жасақтардың тығыздығы да арттырылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109