4745

Карантин талаптарын жиі бұзған елорданың жеті ойын-сауық орны өз жұмысын тоқтатуы мүмкін

Елордада жеті ойын-сауық мекемесі карантин талаптарының бұзылуына байланысты үш айға тоқтатылуы мүмкін. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына сегіз материал жолданды. Атап айтқанда, «SOVA» және «Жаным Сол» караоке бары, «ALANYA» түнгі клубы, «Echo» бары, «ZOLOTO» мейрамханасы мен «Сторис» лаундж-барына қатысты деректер. «Teqila» лаундж-барына қатысты екі хаттама жолданды.
«Десе де, «Teqila» лаундж бары, «ZOLOTO» мейрамханасы, «ALANYA» түнгі клубы (Манас көшесі, 9/1) карантин шараларын бұзуды жалғастыруда. Өткен демалыс күндері аталған объектілерге қатысты шағымдар қайта келіп түсті, жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, олардың барысында талап бұзу фактісі расталды. Тексеру нәтижелері бойынша материалдар қосымша дәлел ретінде әкімшілік сотқа жіберіледі», – деді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.
Бұдан бөлек, мереке күндері «Mega Silk Way» СОО-да «Kango» батут орталығына және Тұран даңғылы, 21 үйдегі «Icon» клубына қатысты қайта шұғыл хабарламалар келіп түсті. Бұған дейін аталған нысандарға бұзушылықтарды жою туралы ескерту берілген болатын. Осы объектілерге қатысты нұсқаманы орындамағаны үшін, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама әкімшілік сотқа жіберілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, қалада бизнес субъектілеріне карантин және шектеу шараларының сақталуын қадағалайтын мониторинг жүргізілуде. Шілде айынан бастап осы уақытқа дейін талап бұзғаны үшін 261 296 654 теңге сомасына жеке, лауазымды және заңды 1 297 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109