Қосшы бағытындағы Қабанбай батыр даңғылының автобус жолағы 20 желтоқсаннан бастап жұмысын тоқтатады
Қаланың жол торабының жүктемесін азайту үшін 20 желтоқсаннан бастап Қабанбай батыр даңғылы бойымен Қосшы бағытында «Азия Парк» сауда ойын-сауық орталығынан айналмаға дейін автобус жолағы алынып тасталды.
Қала бағытындағы автобус жолағы өзгеріссіз қалады. Бұл шара уәкілетті орган - Әкімшілік полиция департаментімен келісім бойынша қабылданды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz