2628

Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды қабылдау өткізді

Алтай Көлгінов бір апта ішінде 30-ға жуық азаматты жеке қабылдады. Қала тұрғындары негізінен баспана алу, медициналық көмек, жұмысқа орналасу, тұрғын аудандарды дамыту мәселелерімен жүгінеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі өзінің "Instagram" парақшасында жазды.

"Бір аптаның ішінде азаматтарды екі мәрте қабылдадым. Бұл шамамен 30 отбасының 90 мәселесін қамтыды. Сұрақтардың дені баспана, медициналық көмек, жұмыспен қамту, тұрғын алаптарын дамыту мәселелеріне қатысты болды. 

Бізде 16 тұрғын алабы бар. Онда қаланың әр төртінші тұрғыны мекен етіп жатыр. Биыл осы тұрғын алаптарда бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды: 100-ден аса көшеге асфальт төселіп, демалыс орындарын құру үшін 40 қоғамдық кеңістік пен аула абаттандырылды (Көктал-1, Көктал-2, Агроқалашық, Интернациональный, Өндирис және т.б.). Сонымен қатар Мичуринода кең мектеп ашылды. Бұрын бұл тұрғын алапта бірде-бір білім ошағы болмаған еді. Елді мекендерде әлі де мектеп, медициналық мекеме, денешынықтыру-сауықтыру кешендерін және т.б. нысандарды салып жатырмыз. 

Сондай-ақ 13,5 шақырым инженерлік желілер, 5 шақырымнан аса канализация мен су құбыры, 3 шақырымнан аса нөсер канализациясы салынды. Инженерлік желісіз өркениеттің болмайтыны белгілі. Содан соң жылы аялдамаларды орнату және оны жарықтандыру, жаңа автобус маршруттарын іске қосу сияқты мәселелер тағы бар. Президенттің тапсырмасы бойынша келер 2021 жылы шеткі аймақтарға ерекше көңіл бөлінедi. Қазір соның жобасы әзірленуде. 

Орынбасарларыма, аудан әкімдеріне және басқарма басшыларына жыл соңына дейін алдын ала қабылдауға жазылған азаматтардың кезегін тезірек жылжытуды тапсырдым", - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109