4211

Елордада білім беру саласы мамандары үшін практикалық психология апталығы басталды

Нұр-Сұлтанда білім беру саласының мамандары үшін практикалық психология апталығы басталды. Бес күндік іс-шараны қашықтан «Астана дарыны» дарындылық пен психологиялық қолдауды дамыту орталығы өткізеді.
«Апта бойы колледждердің, мектептердің, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагог-психологтары мен оқушылары, олардың ата-аналары үшін түрлі тақырып алаңы жұмыс істейтін болады. Мақсаты – елордалық психологиялық қызметтің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған ағартушылық-профилактикалық іс-шаралар арқылы психологиялық-педагогикалық мәдениетті арттыру", - деп хабарлады ұйым өкілдері.

Курс бағдарламасына оқып жатқан жастарды педагогикалық қоғамдастықтың дамуы мен оны жүзеге асыруына ықпал ететін психологиялық мәдениетке бейімдеу сабақтар кіреді. Тыңдаушыларға елордалық білім берудің өзекті мәселелерін шешудегі психологиялық қызметтің әлеуметтік мәртебесі мен рөлін арттыру, педагог-психологтардың ішкі ресурстарын анықтау туралы айтылады. Сондай-ақ, қатысушылар мұғалімдер мен ата-аналардың тәрбиелік дағдыларын, олардың мүмкіндіктеріне деген сенімін арттыру әдістерін түсіндіреді. Сонымен қатар, педагог-психологтардың аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу және «Z ұрпақ» балаларының өмірлік позитивті дағдыларын дамыту бойынша тәжірибесін анықтау және тарату мәселелері талқыланатын болады.

Айта кетейік, Қазақстан психологтар қауымдастығының шешімімен, Вильгейм Вунд эксперименттік психологияның бірінші зертханасының ашылу құрметіне 25 желтоқсан елімізде «Психологтар күні» болып жарияланды. Осыған байланысты «Астана дарыны» дарындылық пен психологиялық қолдауды дамыту орталығы жыл сайын атаулы күнге практикалық психология апталығын өткізеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109