4157

Елорданың №1 индустриялық паркінің өндірістік кәсіпорындары қалай жұмыс жасауда

№1 индустриялық парк аумағында 5 өндірістік кәсіпорынның құрылысы аяқталды.

Соның бірі – «Central Beton Company» ЖШС. Мұнда тәулігіне 3 мың текше метр бетон өндіріледі. Сондай-ақ компанияның теміржол тұйығында бір мезетте 3 мың тонна цемент сақтай алатын қоймасы бар.

«Өндіріс қарқынына індет кеселі де, әдетте құрылыс жұмыстары саябырситын қыс маусымы да еш кері әсер еткен жоқ. Мұнда үзіліссіз күндізгі және түнгі ауысымда 150-ден астам адам жұмыс істейді. Биыл жаңадан екі қондырғы сатып алып, қайта өндірістің қуатын 80 пайызға арттырдық. Соның арқысында жаңадан тұрақты 30 жұмыс орнын аштық»,– дейді компания директорының орынбасары Александр Пахомов.

Кәсіпорынның өнімдері Нұр-Сұлтан қаласында және Ақмола облысының аумағында таралады.

«Баракат Инвест» ЖШС цемент пен гипс негізінде құрғақ қоспалар шығарады. Зауыт директоры Ержан Баймұқаштың айтуынша, бүгінгі күні цемент негізінде жасалатын құрғақ қоспа шығаратын 1-желі жұмыс істеп тұр.

«Үкіметтің өндірістік саясатты білікті жүргізуінің арқасында серіктестік жұмысы қыстада тоқыраған жоқ. Өйткені қалада құрылыс жұмыстары, әсіресе үй құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Оның үстіне халықтың баспана сатып алуы үшін түрлі жеңілдіктер қарастыратын мемлекеттік бағдарламалар іске қосылған. Мұның бәрі біздің кәсіпорынның өнімдеріне деген сұранысты арттыра түседі», – деді Ержан Баймұқаш.

«ModeX Astana»ЖШС-да үй құрылысына қажетті блок қабырғалар өндіріледі. Зауытта пәтерлер толықтай жинақталады, сосын құрылыс басында тұтас ғимарат қалпында құрастырылады. Соның арқасында құрылыс жұмыстарына жұмсалатын уақыт әжептәуір қысқартылады. Жаңа технология комфорт санаттағы баспананың нарықтық құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Айта кетерлігі, бұл құрылыстың сапасына еш кері әсер етпейді.

«Болашақ 2019» ЖШС - кәсіпорын Нұр-Сұлтан тұрғындарын медициналық маскалармен қамтамасыз етіп, ҚР барлық өңірлеріне өнім жеткізеді.

Сондай-ақ «Kerim Plastic Pipes» ЖШС-полиэтилен және полипропилен құбырларын және пенополиуретанды оқшаулаудағы металл жылу оқшаулағыш құбырларды өндіру зауыты ашылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109