2443

Алтай Көлгінов елорданың дамуы туралы айтты

Нұр-Сұлтан әкімі мәслихат депутаттарына жыл қорытындысы туралы айтып берді. Бұл туралы Алтай Көлгінов өзінің «Инстаграм» парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Қолжетімді әлеуметтік баспана 3 есе, ал мектептер 2 есе көбейді. Оңалту және медицина орталықтары желісі кеңейтіліп, газ тартылды, ұзаққа созылған құрылыстар аяқталып, апатты жағдайдағы ескі үйлер сүрілді, суағарлар салынып, тұрғын алаптары дамытылды және тағы басқа жұмыстар атқарылды. Бұл 2020 жылы жасалған жұмыстардың тек бір бөлігі ғана. Бүгін мәслихат депутаттарына жыл қорытындысы туралы айтып бердім. Негізгілеріне тоқталайын.

Бірінші. Жеңілдікпен берілетін қолжетімді баспана

Президент тапсырмасымен қолжетімді әлеуметтік баспана құрылысы көлемін 3 есе арттырдық. Егер былтыр бұл шамамен 8 мың пәтер болса, 2021 жылы 10 мыңнан астам пәтерді жоспарлап отырмыз. Тұрғын үйлердің бір бөлігі халықтың әлеуметтік осал топтары үшін болса, басқасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде кезекте тұрғандар үшін. Бұған қоса ҚИК-пен бірлескен бағдарлама бойынша әлеуметтік пәтер алатындар санатын біршама кеңейттік. 2021 жылы тұрғын үй сертификаттары бойынша жәрдем көлемін 1 миллионнан 1,5 миллион теңгеге дейін ұлғайтамыз.

Екінші. Ұзаққа созылған құрылыстар

Бір жарым жыл ішінде ұзаққа созылған құрылыстар саны еке есе қысқарады. 2019 жылғы жазда 52 нысан болды. Өткен жылы 10 ұзаққа созылған құрылысты аяқтасақ, биыл екі есе көп. Үлестік құрылыс нысандары бойынша шаралар жоспары бар.

Үшінші. Апаттық жағдайдағы ескі үйлер

2019 жылы апаттық жағдайдағы ескі үйлерден 200-ге жуық отбасы көшірілді. Ал биыл 200-ден астам жанұяны, 2021 жылы 250-ден астам отбасын көшіруді жоспарлап отырмыз.

Төртінші. Мектеп құрылысы

Биыл үш ауысыммен білім беретін мектептер санын 8-ден 4-ке, ал толы режимде оқитын мектептер санын 22-ден 14-ке қысқарттық. Былтыр 6 мектеп, ал биыл 2 есе көп мектеп салдық. Бір бөлігі пайдалануға берілді.

Бесінші. Әлеуметтік нысандар құрылысы

«Үй маңындағы дәрігер» деген 29 нысан, ерекше балаларға арналған 5 оңалту орталығы, баспана саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық, ерекше балалар тәрбиелеп отырған аналар жұмыс істейтін бірқатар орталық пен тағы басқаларын аштық.

Алтыншы. Тұрғын алаптарын дамыту, газ тарту

Теміржол тұрғын алабына газ тартып жатырмыз. 100-ден астам көше салып, 40 қоғамдық кеңістік пен ауланы абаттандырдық. Мектептер, әлеуметтік баспана, медицина орталықтары, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салып жатырмыз. 5 км астам кәріз бен су құбыры желілерін, 3 км астам суағар, 4 КСС пен тағы басқасын тарттық.

Жетінші. Алда да жұмыс көп. Келесі жылға жоспар құрып жатырмыз. Айтылған бағыттардан өзге тағы 3 жүйелі мәселе бар: ЖЭЦ-3, кәріз тазарту құрылғыларын (КТҚ-2), сорғы-сүзгіш станциясын салу (ССС-3). Бұл мәселелер пысықталып жатыр», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109