4473

Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзушылар 184 миллион теңгеден астам айыппұл төледі

Елордада карантинді сақтау бойынша мобильді топтар жұмысы жалғасуда. Полиция қызметкерлері, еріктілер және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау өкілдері дүкендерді, сауда орталықтарын, мейрамханаларды және басқа да кәсіпкерлік субъектілерді тексереді. Жалпы алғанда, 5 шілде мен 21 желтоқсан аралығында мониторинг топтары шамамен 3 300 рейдтік іс-шаралар өткізді.

21 желтоқсандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласының аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармалары полициядан карантинді бұзған адамдарға қатысты 2340 материал алды. 1185 жеке және заңды тұлға жалпы сомасы 230 891 244 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бүгінгі таңда жалпы сомасы 184 081 225 теңгеге 957 әкімшілік айыппұл төленді.

Негізгі құқық бұзушыларға тамақтану орындары (мейрамханалар, демалыс орындары, банкет залдары), дүкендер, ойын-сауық мекемелері (караоке, түнгі клубтар), компьютерлік және ойын клубтары, сауда орталығындағы батут орталықтары, басқа объектілер (кинотеатрлар, сұлулық салондары, сауналар, моншалар, массаж кабинеттері) жатады.

Еске сала кетейік, бірқатар түнгі клубтар мен мейрамханаларға қатысты бұйрықты орындамағаны үшін Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 7 әкімшілік хаттама жіберілді. Олар «SOVA» караоке-бары, «Жаным Сол» караоке-бары, «Alanya» түнгі клубы, «Teqila» демалыс бөлмесі, «Echo» бары, «Золото» мейрамханасы.

«Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасының өкілдері соттан жоғарыда аталған нысандар қызметті 3 айға дейін тоқтата тұру түріндегі қосымша жазаны қолдану туралы өтініш жасайды», - деп атап өтті санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109