4671

Нұр-Сұлтанда инновацияны дамыту перспективалары талқыланды

Бүгін елордада «Тәуелсіз ұрпақ» атты іс-шара өтті. «30 Leaders Meetup – тәуелсіз ұрпақ» кездесуі барысында қазіргі Қазақстандағы инновацияның даму перспективасы талқыланды.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнаған сөзінде: «Инновациясыз, ғылымсыз біз дамыған 30 елдің қатарына ене алмаймыз. Сондықтан жастар, әсіресе ғылымға бара жатқандар, Қазақстанда инновациялардың туылуы үшін, барлығын жасау қажет», - деген еді.
 
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өткен шараға 30 жаңашыл жас қатысты. Олардың идеялары мен жобалары бизнес және кәсіпкерлік; қаржы және инвестициялар; әлеуметтік қызмет; ғылым және технологиялар; саясат және мемлекеттік қызмет; шоу-бизнес және спорт; масс-медиа, PR және жарнама; білім беру және денсаулық сақтау салаларында өнер және мәдениет, өзін-өзі дамытуды насихаттауға бағытталған.

Онкологияны ерте диагностикалау саласындағы патент авторы, IMMS Journal бас редакторы Бақтияр Әжкен Ninetyone тобының рэпері Дулат Мұхаметқалиев;
Du Soleil цирк әртісі Рафаэль Фатхельянов; Qmobot негізін қалаушылардың бірі Бауыржан Оспан; бейнограф, режиссер Қыран Талапбек; Nasa Johnson Space Center жобасының қатысушысы, Aller Scan негізін қалаушылардың бірі Жалын Қабыкен; ФАО БҰҰ гендер мәселелері бойынша аймақтық сарапшы Ақмарал Сман; Warwick Hyperloop Team негізін қалаушы Санжар Тайжан  жетістікке қалай жеткені туралы оқиғамен бөлісті.
«Біз 1000 керемет идеясы бар, бірақ оларды қалай жүзеге асыруды білмейтін жастарға  сауалнама жүргіздік. Олар біздің көшбасшыларымызбен ақылдасатын болады. Жастар өз тәжірибелерімен, білімдерімен бөлісетін болады»- дейді ұйымдастырушы және кәсіпкер Азат Әбікен.

Іс-шара аясында панельдік сессия форматында жастардың заманауи мәселелері талқыланды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109