1713

Нұр-Сұлтан әкімі өрт қауіпсіздігіне бей-жай қарамауға шақырды

Алтай Көлгінов аудан әкімдіктері мен ТЖД қызметкерлеріне газ баллондар мен пештерді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бұдан бөлек, кездесуде елордалық ТЖД-ның материалдық-техникалық жабдықтарының әлеуеті талқыланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Өрт қауіпсіздігі ережелерінің назардан тыс қалуы - басқа адамның денсаулығы мен өміріне кесірін тигізбеуі керек. Кәсіпкерлер де, жеке сектор тұрғындары да басқаларға қатер төндірмеуді ойлауы керек. Әсіресе мереке күндері кезінде өрт қауіпсіздігіне байланысты шақыртулар саны көбейеді.

Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында мамандар 16,5 мың үйді, соның ішінде - жекеменшік секторларды аралады. Нысандарды газ баллонын пайдалану жөнінде жоспардан тыс тексеру бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды. Бір ай ішінде мамандар 165 нысанды тексерді. Кәсіпкерлік нысандардың иелеріне газ баллонын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік инструктажы жүргізілді. 

Аудан әкімдіктері мен ТЖД қызметкерлеріне газ баллондар мен пештерді қолдану бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырдым. 

Бұдан бөлек, кездесулерде елордалық ТЖД-ның материалдық-техникалық жабдықтарының әлеуеті талқыланды. Күздің орта тұсында Байқоңыр ауданында өрт сөндіретін депоның ашылуы болды. Төрт қабатты ғимаратта құтқарушыларға арналған пәтерлер мен бөлмелер қарастырылған. Олардың санаты да Қазақстандық ипотекалық компания бағдарламасы бойынша әлеуметтік пәтер алатындар қатарына енгізілді. 10 арнайы техника берілді. 

2021 жылы қосымша 50 арнайы көлік беріледі. Сонымен қатар тағы 3 жаңа депоның жобалық жұмысы жүргізілуде, оның екеуі - елорданың тұрғын алаптарында орналасады. Әрі қарай да - адам өмірін құтқаратын өрт сөндірушілердің еңбек шартын жақсарту бойынша жұмыстар жүргізетін боламыз!" - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109