4755

Нұр-Сұлтанда сауда желілеріне азық-түлік сатып алу үшін бөлінетін сома көбейеді

Алтай Көлгінов бірқатар ірі сауда желілерінің басшыларымен кездесті. Келесі жылдан бастап, сауда желілеріне "айналым механизмі" бойынша бөлінетін сома көбейетін болады. Бұл туралы қала әкімі өз инстаграм парақшасында бөлісті.

«Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі – басты назарда. Біз әлеуметтік маңыздағы азық-түліктің бағасын тұрақтандыру үшін бірқатар шараларды жүзеге асырдық. Сауда желілеріне "айналым механизмі" бойынша бөлінетін соманы 13 еседен астам - 180 млн теңгеден 2,4 млрд теңгеге дейін өсірдік. Бұл әрекетіміз әлеуметтік маңызды тауарлардың 16 түріне ұстап тұруға мүмкіндік берді. Сонымен бірге, сатып алуды ұлғайттық және бағаны тұрақтандыруға қатысатын сауда желілерінің санын 4-тен 12-ге көбейттік. Олар: Магнум, Астықжан, Кенмарт, Вкусмарт, А2, Метро, Анвар, Рахмет, Ақмол, Смолл, "Астаналық" базары, Шапағат.

Сонымен бірге, шаруа қожалықтарымен қосымша - 704 млн теңгеге 5 мың тонна көкөніс сатып алуға форвардтық келісім жасадық. Нан өнімдеріне бағаны тұрақтандыруға жергілікті наубайханаларға 600 млн теңгеде аса қаржы бөлдік. Бұл шаралар әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарларына бағаны ұстап тұруға кәдімгідей көмектесті.
Бірқатар ірі сауда желілері мен тауар өндірушілердің басшылығымен кездесу кезінде осындай әріптестікті әрі қарай жалғастыру жағын талқыладық. Сауда желілеріне "айналым механизмі" бойынша бөлінетін соманы 2021 жылдан бастап ұлғайтуды тапсырдым.

Елордада барлығы 7 логистикалық кешен бар, 4 көтерме-тарату орталығының құрылысы жүріп жатыр (үшеуі - жеке инвесторлардың есебінен). Инвесторлар сонымен бірге - жылыжайлар, азық-түлік базарларын, көкөніс қоймаларын, сүт зауытын және т.б. нысандарды салу жөніндегі жеке жобаларды қолдап отыр. Бұл шаралар да азық-түлік қауіпсіздігін нығайта түсіп, нарықты жергілікті тауарлармен толтыруға мұрындық болады», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109