4421

Елордада бірнеше адам улы газ датчиктерінің арқасында өрттен аман қалды

Елорданың Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жеке тұрғын үй секторларын аралауда. Бүгінде олар 28 мың үйге барып, 41 мыңнан астам адаммен кездесу өткізді. Аралау барысында құтқарушылар тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізді. Пешпен жылыту және электр жылытқыштарды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі жадынамаларын берді. Сондай-ақ, әлеуметтік осал топқа жататын қала тұрғындарының үйлерінде 928 газ датчигі орнатылды. Бұл жабдықтар адам өмірін сақтауға көп көмегін тигізеді.

«Аралау халықтың әлеуметтік осал топтарындағы 3 мыңнан астам адамды қамтыды, 29 мыңнан астам жадынама таратылды. Аудан әкімдіктерінің көмегімен 2019-2020 жылдары халықтың әлеуметтік осал топтарының 1543 үйінде 928 датчик орнатылды, бұл бес азаматтың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда жылыту маусымы қазан айынан басталды. Осы датчиктердің арқасында біз Байқоңыр ауданында бір отбасын құтқардық", - деп хабарлады ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы Бауыржан Бейсеканов брифинг барысында.

Бұған дейін хабарланғандай, Елорда әкімі ТЖД және аудан әкімдіктерінің қызметкерлеріне пеш жабдықтары мен газ баллондарын пайдалану бойынша түсіндіру шараларын күшейтуді тапсырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109