4863

Нұр-Сұлтанда басқа да бірқатар мекемелер жабылуы мүмкін

Карантин тәртібінің үнемі бұзылуына байланысты елордадағы бірқатар басқа да ойын-сауық мекемелерінің жұмысы тоқтатылуы мүмкін.

Бүгінгі таңда сегіз материал Нұр-Сұлтан мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді. Фемида қызметшілері қарағаннан кейін «Alanya» түнгі клубы мен «Janym Sol» караоке-барының жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ «SOVA» караоке-барына, «Echo» барына, «ZOLOTO» мейрамханасына, «Сторис» демалыс орнына қатысты материалдар қарастырылуда. «Teqila» лаундж-барына екі хаттама жасалған.

«Өткен демалыс күндері тізімде көрсетілген бірқатар нысандарға қатысты бірнеше рет жедел хабарламалар келіп түсті, жоспардан тыс тексерулер жүргізілді, оның барысында бұзушылық фактілері расталды. Тексеру нәтижелері бойынша материалдар әкімшілік сотқа қосымша дәлел ретінде жіберілді», - деді Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Сонымен қатар мереке күндері «Mega Silk Way» сауда ойын-сауық орталығындағы «Kango» батут орталығы мен Тұран даңғылы, 21 мекен-жайындағы «Icon» клубына қатысты бірнеше рет жедел хабарламалар келіп түсті. Сонымен қатар бұған дейін аталған нысандарға бұзушылықты жою туралы нұсқаулар берілген болатын. Осы нысандарға қатысты, бұйрықты орындамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама қарауға әкімшілік сотқа жіберіледі.

Еске салайық, қалада әкімдік, полиция, аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары қызметкерлері кәсіпкерлік субъектілеріне карантин және шектеу шараларының сақталуына бақылау жүргізуде. Шілдеден бастап осы уақытқа дейін 1 297 жеке, лауазымды және заңды тұлғалар 261 бұзушылықтары үшін 296 654 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109