4613

Ұстаздардың еңбегі зор - Алтай Көлгінов

Алтай Көлгінов оқу орындары директорларымен білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, келесі жылға жұмыс жоспарын бекітті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі өзінің инстаграм парақшасында жазды.

«Ұстаздардың еңбегі зор! Олар бір емес бірнеше буынға білім берді. Біз өз тарапымыздан одан әрі қолдау көрсетіп, жұмыстары үшін қолайлы жағдай жасаймыз. Бүгін оқу орындары директорларымен білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, келесі жылға жұмыс жоспарын бекіттік.
Бірінші. Оқу орындары құрылысы.
Мұғалімдер білім сапасын ғана ойлауы үшін оқу орындарын жүйелі түрде салу керек. Биыл мектеп құрылысы қарқынының артуына байланысты үш ауысымды мектептер санын 8-ден 4-ке дейін, толы режимдегі мектептерді 22-ден 14-ке дейін азайта алдық.
5-жылдық кезеңге арналған кешенді жоспар аясында 50 мемлекеттік мектеп құрылысын жоспарлап қойдық. Бұған қоса қосымша оқу орындары жекеменшік инвестициялар есебінен салынып жатыр. Шағын мектептер салудан бас тартып, ірі мектептер салуға көштік.
Екінші. Баспана жағдайы. Сыйақылар.
Мемлекет басшысы «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылдады. Биылғы 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25%-ға өсті, алдағы жылдары да еңбекақы артады. Тұрғын үй сертификаттары тегін беріледі. Қазақстан ипотека компаниясымен бірлесіп, бір мың әлеуметтік пәтер тапсырамыз. Оларды алушылар қатарында білім саласының мамандары да бар. 2019 жылы мұғалімдерге жатақхана салып бердік.
Биылғы күзде «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогі» медалі иегерлеріне де алғаш рет ақшалай төлемдер енгіздік. Әр иегерге 830 мың теңгеден астам қаржы беріледі.
Үшінші. Гранттар. Біліктілікті арттыру.
Түлектерімізді қолдаймыз. «Мұғалім» мамандығы бойынша гранттар санын көбейттік. Тегін білімге шамамен 900 грант бөлінді.
Сонымен қатар мұғалімдердің біліктілігін арттырумен айналысу қажет. Ондаған мектеп салуға болады, бірақ балаларды қабырға емес, өзіміздің педагогтер оқытады. Біліктілікті арттырып, тәжірибе алмасу үшін семинарлар, шеберлік сабақтарын өткіземіз. Кембридж университетімен бірлесіп, бес мектепте «Share» бағдарламасын іске қостық. Мұғалімдер бұл бағдарлама бойынша шетелде де жаңа қажетті біліммен сусындауға мүмкіндік алды. Бағдарламаны келесі жылы да жалғастырамыз.
Биылғы жыл педагогтер үшін оңай болмады. Мұғалімдер қысқа мерзімде оқыту форматын өзгертіп, оқушыларға онлайн режимде білім беріп жатыр.
9-11 сынып оқушылары үшін биылғы оқу жылы бітіретін жыл екенін ескеріп, олар 3-тоқсаннан бастап аралас оқыту форматына көшетін болды.
Біздің педагогтерге зор еңбегі үшін алғыс айтамын! Келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймын! Бақыт, денсаулық пен береке тілеймін!», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109