4672

Елордалық дзюдошылар ел чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

17-22 желтоқсан аралығында Ақтауда Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа 14 облыстан, Алматы, Нұр-сұлтан және Шымкент қалаларынан барлығы 273 дзюдошы қатысты.

Дзюдодан елордалық құраманың екі спортшысы алтын медаль жеңіп алды.
48 келіге дейінгі салмақта Ақмарал Науатбек Ғалия Тынбаеваны жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды, ал Мәди Амангелді финалда Абылайхан Жұманазарды (Қызылорда облысы) ұпай бойынша жеңіп, 81 келіде чемпион атанды.

​"Жарыс жоғары деңгейде өтті. Карантинге байланысты жарыстар өтпеген соң, балаларға тактикалық тұрғыдан қиын болды. Бірақ біздің спортшылар, жоспарлағандай, екі алтынға қол жеткізді. Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы жалпы командалық есепте бесінші орынға ие болды", - деді дзюдодан Нұр-Сұлтанның аға жаттықтырушысы Мейірлан Баймаханбетов.

Айта кетейік, іс-шара барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109