Жексенбіде елордада қоғамдық көліктер қалай жұмыс істейді
Жексенбіде елордадағы қоғамдық көліктер әдеттегідей жұмыс істейді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
«27 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы барлық қалалық және қала маңы қоғамдық көлік маршруттары түнгі сағат 23: 00-ге дейін жұмыс істейді», - деп хабарлады CTS.
Қоғамдық көліктерде маска тағу тәртібі бар екенін еске саламыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Отырғызу тек алдыңғы есік арқылы жүзеге асырылады. Жол ақысы - қолма-қол төлемсіз, көлік картасы, SMS, QR-код арқылы.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz