2343

Елорда тұрғындары «Шыршаны үйден безендіреміз» флешмобын қолдады

22 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында жаңа жылдың басты нышаны жағылғаннан кейін елорда тұрғындары «Шыршаны үйден безендіреміз» флешмобына қосылды.

Қала тұрғындары Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни, #Моднобытьдобрым хэштегімен әлеуметтік желілердегі парақшаларына жаңа жылдық безен суреті мен видеоларын жүктеуде

Жасыл шыршаларды түрлі ойыншықтармен, гирляндтар мен жылтырақтармен безендіреді. Мерекелік декор бүкіл үйге ілініп, көрік береді.

«Міне, біз осылай жаңа жылдық шырша құрып қойдық. Ал сіздер шырша безендіріп үлгердіңіз бе?»,- деп жазды елордалық ai_sunshine10.

«Жаңа жыл құтты болсын!!!»,- деп акцияға қатысушы cosmobikesh бейнеқұттықтау жариялады.

Lumière Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бастамасын қолдап, «Шыршаны үйден безендіреміз» флешмобына қуана қатысады, - деп атап өтті @Lumiere_astana ұжым өкілдері инстаграм парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа жылдық 33 шырша мерекеге орай қаланың әр жеріне орнатылды. Келе жатқан мерекенің басты нышанын жағу рәсімі 22 желтоқсанда өтті.
Жаңа жылдық шыршалардың бірі – Экспо қалашығының аумағында орналасқан, оның биіктігі 25 метр. Жасанды шыршаны 1200 шармен, 250 кішкентай және 20 композициялық қармен түрлі-түсті зергерлік бұйымдармен безендірілген.

Сондай-ақ, жақында Нұр-Сұлтанда алты метрлік тоқылған жаңа жылдық шырша пайда болады. Қазір мұнда еліміздің түкпір-түкпірінен келген шеберлер жұмыс жасауда.

Айта кету керек, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қала тұрғындарын адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, жаңа жылды тойлау кезінде санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109