3324

Нұр-Сұлтандағы жаңа Оқушылар сарайы қандай болады?

Нұр-Сұлтанда тағы бір Оқушылар сарайы салынады.  Біріншісі оң жағалауда орналасқандықтан, қала тұрғындарының қалауы бойынша жаңа Оқушылар сарайы сол жағалауда орналасады.  Нысанды Тұран даңғылы, Е-108, Е-106, Е-109 көшелерінің алаңына «City Transportation Systems» ЖШС ғимаратының жанына орналастыру нұсқасы қарастырылуда.

Жобаның жұмыс эскиздері ұсынылған.

Жер көлемі 3 гектарға жуықтайды. 

Ғимарат ауданы - 10000 м 2. 

Күніне 2000-нан астам баланы қабылдай алады.

Жобаның бірегейлігі - ғимарат шатырының абаттандырылуында.  Онда ойын элементтерін, ағаштардың ортасына бақылау алаңын орналастыру жоспарланған.

Бірінші қабатта спорттық жаттығу залдары, мәжіліс залы, әкімшілік үй-жайлар, буфет орналастыру жоспарланған.

Екінші қабатта көрме залдары, сурет, фото және видео шеберханалары, театр өнеріне арналған залдар, жазба студиялары және демалуға арналған террасалар бар.

Үшінші қабатта шағын обсерватория, ғылыми мұражай, робототехника бөлмелері, экспериментальды бөлмелер, шеберханалар, кітапхана бар.

Осылайша, жаңа Оқушылар сарайында химия, биология, физика бойынша толыққанды эксперименттер жүргізуге, киберспортты дамытуға, коворкинг кеңістігі мен көпшілікке арналған кітапхана пунктінде жасөспірімдер клубын ұйымдастыруға, концерттер мен спорт жарыстарын өткізуге болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109