2341

Халықтың әлеуметтік осал топтарынан 9 мыңға жуық адам оңалтудан өтті

Барлық емханаларда оңалту қызметіне арналған бөлімдер мен кабинеттер бар. БМСК ұйымдарында оңалту қызметін ұсыну үшін 142 күндізгі төсек-орын орналастырылды. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Муратов қалалық мәслихат отырысында айтты.

Ағымдағы кезеңде қалада 28553 мүмкіндігі шектеулі адам тіркелген. Олардың 6226-сы ерекше қажеттіліктері бар балалар (22,8%).

«Тәулік бойғы стационарлар аясында 100 төсек-орын ересек тұрғындарды оңалту (ерте және кеш), 354 төсек-орын балаларды неврологиялық, травматологиялық, ортопедиялық және кардиохирургиялық профильдер бойынша қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту үшін бөлінген.
Басқарма басшысының айтуынша, ағымдағы кезеңде 6049 ересек тұрғын сауықтыру шараларынан өтті.

«Амбулаториялық деңгейде 4433 мүмкіндігі шектеулі жандарға (49,4%), күндізгі стационар деңгейінде 1847 (20,6%), тәулік бойғы стационарларға - 1447 (16,1%) оңалту шаралары жүргізілді. Оңалту курсынан өткендер арасынан 1256 мүмкіндігі шектеулі жан әлеуметтік қызметкерлердің қызметтерімен қамтылған және 1280 мүгедектерге психологтар кеңес берді», - деп толықтырды Тимур Муратов.

Сондай-ақ қала әкімдігі мен басқарма арқылы 738 мүмкіндігі шектеулі ересектер кеңсесі санаторлық-курорттық емделуге жіберілді.

Мүгедектердің барлық санаттары халықтың әлеуметтік осал топтарының санаты ретінде медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде диагностикалық тексерулердің толық спектрі мен тегін дәрі-дәрмектер алады.

Естеріңізге сала кетейік, 14 желтоқсанда No1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы базасында 50 күндізгі күтімге арналған жүйке-психиатриялық оңалту орталығы ашылды.

Сонымен бірге БМСК ұйымдарында күндізгі типтегі оңалту орталықтары жұмыс істейді. Олар негізінен церебралды параличі бар балаларды сауықтыруға арналған.

Мамандандырылған балалар үйінде жүйке патологиясымен (церебральды паралич) балаларға арналған оңалту бөлімі жұмыс істейді.
Биыл барлығы 2882 бала оңалту курсынан өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109