2667

Елорданың бас санитарлық дәрігері Жаңа жылды үйде қарсы алуға шақырды

Елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева брифингте қала тұрғындарын Жаңа жылды үйде қарсы алуға және санитарлық қауіпсіздік шараларын ұмытпауға шақырды.

«Халқымызды Жаңа жылды үйде қарсы алуға шақырамын. Бұл болашақта коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін өте маңызды. Биыл бәріне қиын болды, дегенмен, егер біз барлық шараларды - маска тағып, арақашықтық сақтайтын болсақ, жағдай жақсарады және тұрақтанады», - деді Жанна Пірәлиева.

Елорда қазір «сары» аймақта. Өткен тәулікте қалада КВИ ауруының 60 жаңа жағдайы анықталды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қыс басталғалы бері Нұр-Сұлтанда орта есеппен күніне COVID-19 ауруының 79 жағдайы тіркелді. Қазір қаладағы жұқпалы аурулар стационарларында 204 адам жатыр.

Қалада аурушаңдық жоғарылаған жағдайда 7 мың орындық 18 нысан біртіндеп қайта бейімделеді. COVID-19 үшін биоматериал жинауға арналған зертханалар саны 19-ға дейін көбейтілді, олардың жалпы қуаттылығы тәулігіне 12 мың тестілеу.

Сондай-ақ бас санитарлық дәрігер бизнестің жаңа жұмыс режимі туралы айтты. Атап айтқанда, жаңа жылдық кештерге, корпоративтерге және басқа да бірқатар шараларға тыйым салынды. Сауда алаңы 2 мың шаршы метрден асатын тамақ өнімдерін сататын гипермаркеттер мен супермаркеттер тәулік бойғы жұмыс режиміне көшті. Сондай-ақ 26 желтоқсаннан бастап кинотеатрлар күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, көрермендерді қатардың бойымен екі орындық сайын және қатарлар арасында шахмат тәртібімен отырғызу, орын санын 30%-дан асырмау шарттарымен ашылады. Кинотеатрлардың жұмыс, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс уақыты 10.00-ден 24.00-ге дейін, ешқандай акцияларсыз. Сонымен қатар кафе мен мейрамханалардың жұмыс уақыты 24.00-ге дейін ұзартылды.

Нұр-Сұлтанда карантин және шектеу шараларының сақталуы бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне мониторинг жалғастыруда. 5 шілдеден бастап аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары әкімшілік жауапкершілікті бұзғаны үшін 1380 жеке, лауазымды және заңды тұлғаларға жалпы сомасы 270 936 114 теңге айыппұл салды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109