1951

Елорда колледждерінің студенттері жаңа білім беру режиміне көшеді

Екінші семестрден бастап кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында ведомствоаралық комиссия шешіміне сәйкес 1-курстың 8223 студенті пәндердің 70%-ын әдеттегі режимде және 30%-ын қашықтан аралас оқытуға ауысады. Бүгінгі таңда колледждер 100% білім берудің ақпараттық ресурстарымен қамтамасыз етілген. Бұл туралы брифинг барысында Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.

«Әдеттегі режимде оқыту 15 адамнан аспайтын кіші топтарда жүргізіледі, аудиторияның толу деңгейі 50%-дан аспайды. Тұрақты түрде физика, химия, математика бойынша практикалық және зертханалық сабақтар өткізіледі, қашықтан оқыту режимінде - тарих, қазақ, орыс және ағылшын тілдері, өзін-өзі тану, мәдениеттану, әлеуметтану және т.б. пәндерінен дәрістер оқылады», - деп түсіндірді Шолпан Қадырова.

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика, зертханалық жұмыстар мен практика қашықтан шағын топтардағы мамандықтардың ерекшеліктеріне байланысты кәсіпорындар базасында немесе ТжКБ ұйымдарында толығымен немесе ішінара өткізілетін болады.

Аралас форматта оқытуды ұйымдастырған кезде олардың басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, сыныптағы сабақ кестесі бөлек құрастырылады. Сыныптардағы сабақтар 1,5 метрден кем емес қашықтықты және маска тағу тәртібін сақтай отырып өткізіледі. Сыныптар арасындағы үзіліс әр топ үшін жеке ұйымдастырылады. Кітапты үйге беруді қоспағанда, кітапханалардағы оқу залдары жабық. Сондай-ақ студенттерге, оқытушыларға, өндірістік оқыту шеберлеріне, ата-аналарға санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы нұсқаулар беріледі, медицина қызметкері студенттер мен басқа жұмысшылардың денсаулығын бақылауды күнделікті қадағалап отырады.

Студенттерді жатақханадан орынмен қамтамасыз ету 2693 орынға арналған 15 жатақхана есебінен шешіледі. Бүгінгі таңда мұқтаж 1281 оқушының барлығы жатақханамен мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде қамтамасыз етілген.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109