ЭкоАсар акциясы аясында мектептер мен балабақшалар шамамен 30 тонна қайта өңделетін материал жинады
Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы мен білім беруді жаңғырту орталығы «ЭкоАсар - игі істер марафоны» бастамасының 2-кезеңінің қорытындысын шығарды.
Акция нәтижесінде 30 тоннаға жуық қайта өңделетін шикізат жиналды. Ақша сертификаттарына «Абай» кітаптар үйінен білім беру ұйымдарына көркем әдебиет сатып алынды. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары - 22 балабақша - 13 650 тонна макулатура жинап, ақша сертификаттарына 605 дана кітап сатып алды. 39 мектеп 13 332 тонна макулатура жинап, ақша сертификаттарына 419,840 мың теңге 362 дана кітап сатып алды.
Сондай-ақ іс-шара барысында «Приключения Гринэйков» экологиялық ертегілер жинағы және «Рожденные мечтать» комиксі ұсынылды. Балаларға арналған басылым бес бөлімнен тұрады және сиқырлы Тазақала қаласының кішкентай және батыл тұрғындарының оқиғаларын қамтиды. «Рожденные мечтать» - бұл жасөспірімдер экологиялық проблеманы шешу үшін күш біріктіретін графикалық роман.
Барлық санитария нормаларын сақтай отырып өткізілген іс-шара соңында жеңімпаздар марапатталды. Барлық балаларға - бастамаларға қатысушыларға сыйлық ретінде № 83 мектеп-гимназиясының оқушылары мен «Современник» халық театры актерлерінің қатысуымен «Экологическая сказка для друзей!» қойылымы көрсетілді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz