2473

iKOMEK109-ға 3 жыл толады: ТМД бойынша үздік байланыс орталығы қалай жұмыс жасауда

Тура үш жыл бұрын елордада iKOMEK орталығы жұмысын бастады. Жұмыс жасап бастағалы бері орталық 5 миллионнан астам өтінішті атқарды, оның басым бөлігі «бірінші қоңыраудан» шешілді.

«iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы бүгінде қала тыныс-тіршілігінің шұғыл емес сипаттағы 2 500-ден астам мәселелерін қамтиды. iKOMEK109 пайда болғалы «қоңырау шалып, ала алмайтын коммуналдық қызмет» деген мәселе шешілді. Жұмыс жасаған үш жыл ішінде iKOMEK109 астаналықтар арасында танымал сервиске айналды. Жыл сайын Бірыңғай байланыс орталығына 600 мыңнан астам тұрғын жүгінеді. Жұмыс жасап бастағалы бері iKOMEK109 5 миллионнан астам өтінішті атқарды, оның 4,3 миллионы «бірінші қоңыраудан» шешілді», - деп хабарлады қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы.

Көпарналы iKOMEK109 сервисі әкімдік пен коммуналдық қызметтерге 1-0-9 қысқа нөмірі сияқты ыңғайлы тәсілмен, сондай-ақ мобильді қосымша, чат-боттар, әкімдік сайты мен басқалары сияқты цифрлық тәсілмен жүгінуге мүмкіндік береді. Осылайша, барлық өтініштердің 26% цифрлық байланыс арналары арқылы келіп түседі. Ыңғайлы сервис азаматтардың жазбаша өтінішпен жүгінуін азайтты. Әкімдік кеңсесіне тұрғындардан келіп түсетін қағаз құжат айналымы 21%-ға төмендеді.

Пандемия мен ТЖ кезеңінде iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жедел штабының Шұғыл желісіне айналды.
iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы ТМД-да екі рет үздік атанды: 2019-да және 2020 жылы. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының үлгісі болып табылатын елордалық iKOMEK орталығы жұмысының тиімділігіне жоғары баға берді және барлық өңірлерге тәжірибе мен әдіснаманы қабылдауды тапсырды.

«Барлық қызметкерлерге қажырлы еңбегі және қала тұрғындарының өтініштеріне ыждақаттылықпен қарағаны үшін алғыс білдіремін. Қала тұрғындарына артылған сенім мен елордамызды жақсартуға деген құлшыныс үшін алғыс айтамын!» - деді iKOMEK орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.
Еске сала кетейік, iKOMEK қалалық орталығы 2017 жылдың 26 желтоқсанында елордалық әкімдікті трансформациялаудың бірінші кезеңі аясында құрылды. 311 қызметі барлық шұғыл емес сипаттағы мәселелерді, ал 911 қаланың шұғыл мәселелерін біріктіретін АҚШ пен Канада қалаларының үздік тәжірибесі жұмысқа негіз болды.

109-ға қалалық және мобильді телефондардан қоңырау шалу тегін.

iKOMEK109-ға жүгінетін цифрлық арналар:

1. Әкімдіктің ресми сайты: astana.gov.kz
2. Telegram чат-боты (t.me/nursultanikomek109_bot);
3. iKOMEK109 мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);
4. Smart Astana мобильді қосымшасы (PlayMarket/AppStore);
5. aitu.city порталы

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109