2891

Нұр-Сұлтанда қисық балкондары бар апатты тұрғын үй кешені жөнделді

Нұр-Сұлтанда қисық балкондары бар апатты жағдайдағы «Орбита» тұрғын үй кешені жөнделді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағдарламасы бойынша 2020 жылы жаңартылған көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің жалпы саны 50-ден асады. Сонымен қатар 100-ге жуық лифт жөнделіп, ауыстырылады.

«Тағы бір қауіпті көппәтерлі тұрғын үй кешені - «Орбитаны» жөндеуден өткіздік! Бұл ТК халық арасында қисық балкондары бар үй ретінде белгілі. Тұрғындар балкондар қатты жел кезінде қабырғалардан алшақтап, сыртқы плиталардың ұшатынын айтқан. 

Аталған ТК 10 жыл бұрын проблемалық үй болып танылды. Ол екі мұнарадан тұрады. Нысан сол кезден бері пайдалануға берілмеген. 340 отбасының проблемасын шешу үшін жөндеу жүргіздік. Қауіпті қасбетті толық алмастырдық, ТК-ның негізгі құрылыстарын күшейттік, балкондар витраждарын ауыстырдық және т.б.

Көппәтерлі тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Пәтерлер аумағын өлшеу мен тұрғындарға техникалық паспорт беру жұмыстары жүріп жатыр», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Аталған тұрғын үй кешенінің тұрғыны Ләззат Хасанова қатты желмен балкондар қабырғадан алшақтап кеткенін атап өтті.

«Қатты жел кезінде біздің балкондар қабырғадан алшақтап кетті. Пәтерімде балкон мен қабырға арасы ашылып, саңылау ұлғайды. Жел тоқтаған кезде балкондар орнына қайта түсті. Біз осындай қорқынышты жағдайда өмір сүрдік. Үкімет бізге назар аударып, бүлінген қасбетті толығымен ауыстыруға көмектесті. Апаттық балкондар толығымен ауыстырылды. Балкондар қорқынышты жағдайда болды және адам өміріне қауіп төндірді», - деді Ләззат Хасанова.

Бұған дейін осыған ұқсас мәселелер проблемалық «Территория комфорта - 2» үйінде болған. Онда да ауқымды жөндеу жұмысы жүргізіліп, кешен пайдалануға берілді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109