3141

Нұр-Сұлтанда кезекте тұрған 300-ден астам отбасы пәтер кілтін алды

Нұр-Сұлтанда халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы 300-ден астам отбасы пәтер кілттерін алды. Олардың арасында жетім балалар, 1 және 2 топ мүгедектері, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, зейнеткерлер, толық емес отбасылар, ҰОС ардагерлеріне жеңілдіктер бойынша теңестірілгендер және т.б. бар.

Елордада Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі үш есе ұлғайтылды. Қазірдің өзінде 7 мыңнан астам әлеуметтік пәтер үлестірілді, олардың бір бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кезегінде тұрғандар. Іс қағаздарын жүргізу және пәтер алған азаматтарды кезектен шығару бойынша жұмыстың соңғы кезеңі жүргізілуде.

«Жаңа жыл қарсаңында қалалықтардың тағы бір бөлігі жаңа қоныс иелері атанды. Жаңа жылды жылдар бойы күткен пәтерлеріңізде қарсы аласыздар. Үйдің орналасқан жері өте ыңғайлы, өзен жағасында. Жақын жерде кең аулалар, мектеп және балабақшалар бар. Үйлеріңіз тек қуанышты оқиғаларға толы болсын!», - деді әкімнің орынбасары Нұрлан Нұркенов кілтті салтанатты тапсыру кезінде.

Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша биыл бірқатар тұрғын үй бағдарламаларына өзгерістер енгізілді, мысалы, Қазақстан ипотекалық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылған тұрғын үй бағдарламасына сәйкес, білім және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерінен басқа өрт сөндірушілер, әлеуметтік қызметкерлер, мәдениет және спорт қызметкерлері, полиция қызметкерлері де әлеуметтік пәтер алушылар тізіміне енгізілді. Сонымен қатар тұрғындардың әлеуметтік жағынан осал топтарының барлық санаттары тұрғын үй сертификатын алушылар тізіміне енгізілді. 2021 жылдан тұрғын үй сертификаттарының көлемін 1 миллионнан 1,5 миллион теңгеге дейін арттыру жоспарлануда.

«Жылдап күткен жаңа пәтерлеріне көшіп жатқан әр отбасына қуаныштымыз. Ел басшылығы баспана мәселесіне ерекше назар аударады. 2021 жылдың басында біз тұрғындардың әлеуметтік осал топтарынан кезекте тұрғандарға пәтер кілттерін табыстаймыз.

2021 жылы біз қазіргі рекордтық қарқынды ұстап қана қоймай, қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтамыз. Мен сондай-ақ қиын жыл болғанымен жұмысын жалғастырған құрылысшыларымызға алғыс айтамын», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109