8940

Нұржол бульварына 70 келі иірілген жіптен тоқылған шырша орнатылды

Нұр-Сұлтанда биіктігі 6 метр болатын тоқылған шырша орнатылды. Екі апта бұрын Нұр-Сұлтанда «Құрақ көрпе стиліндегі экошырша» халықтық флешмобы басталды. Осы уақыт ішінде 20 сантиметрлік 2000-нан астам шаршы қосылды. Халықтық жоба Қазақстан қалалары мен елорда тұрғындарын біріктірді. Ресей мен Өзбекстанның қолөнер шеберлері де тоқуға атсалысты.

Безендіруге еліміздің түкпір-түкпірінен тоқымашылар, зейнеткерлер, қарттар үйі, қоғамдық қорлар, әлеуметтік кәсіпкерлер мен қолөнершілер қатысты. Мектептердің қамқоршылық кеңестерінің қолдауымен елордадаға 30 мектептің оқушылары, олардың ата-аналары мен мұғалімдері қатыстыы.

Нұр-Сұлтан мен оның маңындағы аймақтардан, Алматы, Петропавл, Ақтөбе, Тараз, Қарагададан тоқылған шаршылар алып құрақ көрпеге жиналып, шырша түріндегі металл құрылымға қойылды. Қазір арт-нысан өткен жылмен салыстырғанда екі есе биік болып шықты. Жаңа жылдық шырша үшін ұзындығы 70 000 метрден асатын 70 келіден астам жіп қажет болды.

«Велюр жіптері бізге бала кезіміздегі әжелеріміздің қолымен жасалған жұмсақ құрақткөрпелерді еске түсіреді. Біз барлық қазақстандықтарды қолдың жылуымен біріктіргіміз, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлап, қаламызды жарқын эко-шыршамен безендіргіміз келді», - дейді жоба авторы, әлеуметтік кәсіпкер Рахима Мұқышева.

Апта бойы елордада 200-ден астам адам тоқуды үйренген ақысыз мастер-кластар өтті. Тоқымашылардың негізгі шоғырланған жері - «Астана Бәйтерек» монументі. Қаланың қолөнер шеберлері мен қонақтары монументтің басында болып, тоқуды үйреніп, Жаңа жылдық елорданың сұлу көрінісімен шабыттанды. Флешмобқа қатысушылар шыршаны құру отбасыларды ортақ іске біріктіріп, Нұр-Сұлтан тұрғындарын жақындастырып, жастарды әлеуметтік желілерден алшақтатқанын атап өтті.
Экошырша «Астана Бәйтерек» монументіне қарсы Нұржол бульварында (Ақ мешіт көшесі жағынан) орнатылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109