3091

Дәрігерлер алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік-класс өткізді

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы және Нұр-Сұлтан қаласының қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына алғашқы көмек көрсету бойынша шеберлік-класс өткізді. Атап айтқанда стандартқа сәйкес алғашқы көмек көрсету алгоритмдері бойынша әртүрлі шұғыл жағдайларда зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету пысықталды.

Жарақат алу өзекті әлеуметтік мәселе. Оның өзектілігі халық арасында жарақаттардың өсуімен ғана емес, өлім-жітім санының артуымен, сондай-ақ алған жарақаттардың (соның ішінде балалар арасында) салдарынан халықтың мүгедектігімен байланысты. Қыста жарақат алуы мүмкін орындардың бірі-қоғамдық мұз немесе қарлы сырғанақтар. Шеберлік-класс Президенттік саябақ аумағында қоғамдық мұз төбешігінде өтті.

Шеберлік-класс аясында жарақат алу кезінде алғашқы көмек көрсету дағдыларына Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының нұсқаушы-дәрігері және Оқыту-тренингтік орталығының басшысы Болат Тайбеков және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының нұсқаушы-фельдшері Айдар Колхозов үйреткен.

Шеберлік-класс барысында жарақат кезінде алғашқы көмек көрсету жөніндегі алған білімдері мен дағдыларының болуы зардап шегушінің өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында жарақаттану кезінде емдеуге жатқызуға дейінгі шұғыл көмекті уақтылы және сауатты көрсетуге мүмкіндік береді. Уақытылы және дұрыс көрсетілген алғашқы көмек кейінгі емнің тиімділігін, оңалтудың сәттілігін анықтайды және көбінесе зардап шегушінің өмірін құтқаруда шешуші фактор болып табылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109