3231

Елордада жаңа жылда қандай іс-шаралар өтеді

Жаңа жылды қарсы алу үшін елорданың мәдени мекемелері қала қонақтары мен тұрғындары үшін жарқын, ауқымды бағдарламалар дайындады. Жаңа жылдық сыйлықтар ұсыну, түрлі-түсті қойылымдар, концерттер, қайырымдылық акциялары мен викториналар - бұл жоспарланған іс-шаралардың толық тізімі емес.
«АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешенінің кәсіподақ комитеті Целиноград ауданы, Ақмол ауылында тұратын мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.

«Наз» мемлекеттік би театры балаларға арналған «Әлемді бірге құтқарайық» атты жаңа жылдық қойылым ұсынды.

Айдың аяғына дейін Тәуелсіздік сарайында «Ұлы дала жүрегі» көрмесі өтеді, бұл қазақстандықтарға National Geographic баспасынан елорда күніне арналған сыйлық.

28 желтоқсанда кешке Тұрсынбек Қабатов Жаңа жылдық бағдарламамен Nomad City Hall-да өнер көрсетеді. Концертті онлайн режимде, кейін телеарналарда да көруге болады.

28 және 29 желтоқсанда Жаңа жыл қарсаңындағы «Бүгін және қазір жақсылық жаса» қайырымдылық акциясы аясында №7 көпшілік кітапхана ұжымы Күйгенжар ауылының 2 көпбалалы отбасына барады, ал зағиптар мен нашар көретін азаматтарға арналған мамандандырылған кітапхана қызметкерлері үш мүмкіндігі шектеулі отбасыларына барып құттықтайды.

Нұр-Сұлтан қаласының ескерткіштер мен тарихи-мәдени мұрал нысандарын сақтау дирекциясы осы күндері Триумфалды аркада «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты танымдық бейнефильмді көрсетеді, ал 29 желтоқсанда monuments_of_nursultan парақшасында балаларға арналған «Мен бәрін білгім келеді» онлайн викторинасын өткізеді.

Сол уақытта Бейбітшілік және келісім сарайында жаңа жылдық онлайн-концерт өтеді. Оны @piramida.astana Instagram аккаунтынан көре аласыз.
Ал 30 желтоқсанда сағат 15.00-де опера залында «Жаңа жылдық шырақтар» концерті түсіріледі.

Елордалық қуыршақ театрының көрермендері 31 желтоқсанға дейін «Санта Клаустың қолғаптары» қысқы ертегісін келесі сілтемелер бойынша онлайн көре алады:
https://www.instagram.com/teatrkukolnursultan/
Сонымен қатар, бүкіл желтоқсан бойы астаналық цирктің ресми аккаунттарында сіз «Жаңа жылдық ертегі» цирк бағдарламасын көре аласыз.

Елордалық Жастар сарайының қызметкерлері 28-30 желтоқсан аралығында өздерінің әлеуметтік парақшаларындағы құттықтау сөздерін жолдайды.
30 желтоқсанда сағат 11:00-де М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртістері youtube каналында А.Анатольеваның «Қар ханшайымы» ертегісімен Жаңа жылдық кеш өткізеді.

Өтіп бара жатқан жылдың соңғы күні, 31 желтоқсанда «Атамекен» этно-мемориалдық кешені әлеуметтік желілерде «Жаңарған жаңа жыл» атты мерекелік бейнероликті көрсетеді. Бейне құттықтаулар Сәкен Сейфуллин мұражайының қызметкерлерімен де жарияланады.

Барлық аталмыш іс-шаралар санитарлық талаптарға сай өткізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109