2459

«Жас сарбаз» тәрбиеленушілері ардагерге арналған жеке концерт ұйымдастырды

«Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ, ҚР ҚК ұлттық әскери-патриоттық орталығының ұйымдастыруымен, «Шарапат» сауықтыру орталығындағы ардагер әжейді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтау концерті өтті. Концерттік бағдарламаны ҚҰ ҚК Орталық оркестрі өткізді.

«Ардагерлер біздің асыл қазынамыз. Біздің қозғалыс жасөспірімдерді әскери-патриоттыққа тәрбиелеу барысында, оларға ардагерлердің қадірін де жете түсіндірумен айналысады. Соған байланысты, біз әр мереке сайын, және мерекеден тыс ардагерлеріміздің көңілін аулап, жақсы сый сыйлағымыз келеді. Бүгін де Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Лариса Игоревна әжемізді құттықтап, кішігірім 15 минуттық концерт ұйымдастып жаңа жылдық көңіл күй сыйладық. Ардагерлерімізді әрдайым қорғап, қолдап, көз алдымызда аялап ұстауымыз керек» - деді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Іс-шараға, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығының тәрбие және идеология жұмыстары бойынша орынбасары Джусупов Ерболат Мубаракович, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының төрағасы Мендыгалиев Мейірбек Оразұлы қатысты. Іс-шара барлық санитария нормаларын сақтай отырып өткізілді.

Айта кетейік, елордада «30 игі іс» акциясы аясында Жаңа жылмен құттықтау жалғасуда. Сонымен, мереке қарсаңында нұрсұлтандық 650 балаға ҚР Президенті мен елорда әкімінің сыйлықтары берілді. Биыл пандемияға байланысты ертеңгіліктердің барлығы алынып тасталды, сондықтан Аяз ата мен Ақшақар әр баланы құттықтауға жеке барады. Сондай-ақ әкімдік пен «Жас Сарбаз» қозғалысының өкілдері Ақкөл қаласындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады. Сонымен қатар еріктілер бірнеше жүздеген ерекше қажеттіліктері бар балаларға мереке ұйымдастырды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109