2350

Нұр-Сұлтан жедел жәрдем станциясына қосымша жедел жәрдем көліктері келді

Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық жедел жәрдем қызметі 17 жаңа реанимобиль кілтін алды. Машиналарда барлық қажетті жабдықтар бар, бұл шақырылған жерде де, науқасты ауруханаға жеткізгенде де қарқынды терапия жүргізуге мүмкіндік береді. Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен ҚЖМЖС қызметкерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, жұмыстарына алғыс айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халыққа сапалы және тиімді қызмет көрсету үшін жедел жәрдем көліктерін жаңарту жұмыстары жүргізілді. Біз бұл міндетті орындадық. Өткен жылы жергілікті бюджеттен қаржыландыру есебінен 52 автокөлік, биыл тағы 35 техника сатып алынды. «103» автопаркі 100% жаңартылды деп айта аламыз. Баршаңызды жаңа жылмен құттықтаймын! Мықты денсаулық тілеймін, өйткені биыл біз денсаулық адамның басты байлығы екенін сезіндік. Сіздердің күш-жігерлеріңіз, тәулік бойғы жұмыстарыңыздың арқасында көптеген қазақстандықтар мерекені отбасыларымен атап өтеді», - деді Бақтияр Мәкен.

Айта кетейік, бір жылдан астам уақыт ішінде жедел жәрдем станциясының автопаркі 2,5 есе артты.  Күзде жаңа мамандандырылған көліктердің кілттерін қала әкімі Алтай Көлгінов тапсырды. Осылайша, қазір Нұр-Сұлтан жедел жәрдем қызметінің балансында 129 көлік бар. ҚЖМЖС жылына 600 мыңнан астам қоңырауға қызмет көрсетеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109