2656

Елордада «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметі ашылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының «ЕL UMITI» бастамасын іске асыру мақсатында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығында «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметінің салтанатты ашылуы өтті. Аталмыш іс-шара барлық санитарлық талаптарға сай өтті.

«Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметі 7-11 сынып оқушыларының зияткерлік қабілеттерін анықтауға және болашақ түлектің талаптары мен сұраныстарына жауап беретін мамандық, оқу орнын таңдауда психологиялық көмек көрсетуге бағытталған.

Сонымен қатар, жыл бойы оқушыларды және олардың ата-аналарын зияткерлік қабілеттерін тереңдету, кәсіби кеңес беру және кәсіби маңызды құзыреттіліктерді меңгеруге ынталандыру үшін жеке сұраныстары бойынша қабылдауға мүмкіндік бар.

«Qabilet» орталығында диагностика жүргізу бойынша арнайы мамандар көмек көрсетеді. Клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер: телефон арқылы өтінімдерді қабылдайды және бағдарламалардың электрондық базасында тестілеуден өтуге ниет білдірушілерді тіркейді; психолог-кеңесші: тестілеуден өту кезінде консультациялық көмек көрсетеді;  кәсіптік бағдар беруші (психолог): Қазақстанның арнайы орта және жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері туралы ақпарат береді; үйлестіруші маман (психолог): пилоттық мектептердің қызметіне әдістемелік сүйемелдеу жүргізеді, психологтерге кеңес беру үшін мектептерге барады және жұмыс көлемі артқан жағдайда психологтерге көмек көрсетеді.

 Ашылу рәсімнен кейін қонақтарға кәсіби бағдар беру қызметінің барлық мүмкіндіктері көрсетілді: мектеп оқушыларымен кәсіби бағдарлауды анықтау бойынша диагностика жүргізілді. Тестілеу барысы қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырып, олар да диагностикадан өтті.

Диагностика аяқталғаннан кейін тестілеуге қатысушылардың барлығына  қорытындылары үлестіріліп, мамандардың кеңесі берілді. Сондай-ақ, шара барысында ҚР арнайы-орта және жоғары оқу орындарының базасы таныстырылды.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109