2553

Нұр-Сұлтанда мереке күндері санитария нормаларының сақталуын қадағалау бойынша рейдтер күшейтіледі

Елордадағы карантин және шектеу шараларының сақталуын бақылайтын мониторинг топтары мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істейді.

«Қаладағы жағдай күрделенбеуі үшін, қатаң шектеулерді қабылдамау үшін үйде болу керек, адам көп жиналатын орындарға шықпау және жиындар өткізбеу керек. Біз барлық тұрғындарды санитарлық нормаларды, карантиндік режимді сақтауға шақырамыз. Карантинді бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту қарастырылған», - деп қала тұрғындарына үндеу тастады бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жанна Пірәлиева.

Айта кету керек, Нұр-Сұлтанда үнемі бұзушылық жасағаны үшін Zoloto мейрамханасы, Alanya түнгі клубы, Janym Sol караоке-бары, Tekuila кафе-барының жұмысы тоқтатылды.

Жалпы алғанда, Нұр-Сұлтан қаласының аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына аудандық полиция басқармаларынан 2 458 материал, карантинді бұзған адамдарға қатысты үйлестіру орталығынан 261 жедел хабарлама келіп түсті.

Жалпы сомасы 274 383 554 теңгеге 1411 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кету керек, елордада мереке күндері қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көшеде және көпқабатты үйлердің аулаларында, әсіресе ойын-сауық мекемелерінің алаңдарында және азаматтардың басқа да жаппай демалатын орындарында патруль ұйымдастырылған. Патрульдік жасақтардың тығыздығы да арттырылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109