Елорда тұрғындары қазақстандықтарды жаңа жылмен құттықтады
Елорда тұрғындары мереке қарсаңында қазақстандықтарды жаңа жылмен құттықтады.
«Жаңа жыл құтты болсын! Ең бастысы, денсаулық тілеймін! Жаңа жыл жаңа табыс, жаңа бақыт әкелсін! Келер жылдан жақсылық күтеміз. Қазақстан өркендеп, көркейе берсін!»
«Баршаларыңызға денсаулық, бақыт тілеймін! Аңсаған армандарыңыз орындала берсін!»
«Мереке құтты болсын! Емін-еркін маскасыз жүретін күндерге жетейік!»
«Барлық қазақстандықтарды келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймын. Келесі жыл – сиыр жылы.Сиыр жылында тоқшылық болсын!»
Еске сала кетейік, қыста астаналықтар үшін қызықты етіп уақыт өткізу үшін жаңа орындар пайда болады. Сарыарқа ауданында жаңа алаңдар ашылуда. Koktal Park, Ш.Қосшығылұлы көшелері және әкімдік ғимаратының алдындағы алаңда фото аймақтар, конькилер мен тюбингтерді жалға беру павильондары ұйымдастырылды. Жаңа қысқы қоғамдық кеңістіктер ашылады. Мұнда елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған сырғанайтын төбешіктер, сондай-ақ жаппай коньки тебуге арналған мұз алаңы салынады.
Жақын арада елордалық урбанистика орталығы қаладағы ең үлкен аққала пайда болады, оны соғуға қаланың барлық тұрғындары қатыса алады.
Алаңдар шағын архитектуралық пішіндермен және жарықпен безендіріледі. Балаларға тегін тәтті тағамдар да таратылатын болады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz