3432

Елордада қалалық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауысады

Нұр-Сұлтанда әкімнің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сонымен қатар жедел қызметтердің, мамандандырылған департаменттер мен ведомстволар дайындығын қамтамасыз ету басты мәселелердің бірі.

Айта кету керек, биыл бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді. Соған қарамастан, елордада әлеуметтік қашықтық пен қауіпсіздік шараларын ескере отырып, ашық аспан астында серуендеуге, суретке түсуге арналған орындар жасалуда. Алдағы демалыс күндері отбасылық серуендеудің негізгі орталықтары коньки тебетін алаңдар, мұз төбешіктер мен шыршалар болады.

Спикерлер атап өткендей, қазіргі уақытта 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 8%-ға дейін, жасөспірімдер - 2,9%-ға дейін және 50 жастан асқан адамдар арасында КВИ инфекциясын жұқтырушылар санының өсуі байқалады. Бұл санат үшін көрсеткіш барлық жағдайлардың 26% құрайды.

Сондай-ақ қазіргі уақытта ауруларды тіркеу жалғасуда - тәулігіне 57-ден 100-ге дейін жағдайлар тіркеледі, негізінен симптомды.

Сонымен қатар қазіргі кезде жағдайдың тұрақтана бастады. Алдағы апталар пандемиямен күресте шешуші болады.

Осыған байланысты мереке күндері мониторинг топтарының жұмысын күшейту туралы шешім қабылданды. Қаладағы жағдайдың күрделенуіне жол бермеу үшін қала тұрғындары үйде отыру, адам көп жиналатын орындарға шықпауы және жиындар өткізбеуі керек. ШОБ өкілдері де барлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек. Карантинді бұзушыларға айыппұл салынады.

Жаңа жылдық мерекелер кезінде өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Қалада өртке қарсы арнайы режим жұмыс істейді. Медициналық стационарлар да тәулік бойы жұмыс істейтін болады.

Әкімнің орынбасары атап өткендей, коммуналдық шаруашылық кешенінің барлық кәсіпорындары мен компаниялары демалыс күндері күшейтілген жұмыс режиміне көшіріледі. Төтенше жағдайлар топтары тәулік бойғы кезекшілікте болады, олар қаладағы тіршілікті қамтамасыз ету мекемелерінде төтенше жағдай туындаған кезде жедел жетуге дайын.

Тәулік бойы жұмыс істейтін травматологиялық пункттер барлық мейрамдар мен демалыс күндері тұрғылықты жеріне қарамастан науқастарды қабылдайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109