5000

Елорда әкімдігі коммуналдық қызметтердің еңбек жағдайын жақсарту үшін жұмыс істеуде

Келесі жылы да коммуналшылардың еңбегін қолдап, оларға жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізу жалғасады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов өз инстаграм парақшасында бөлісті.

«Бұл жыл бәрімізге оңай болмады. Біздің коммуналшылар тұрғындарға жайлы болуы үшін қаланы таза ұстауға ауа райына қарамастан күн сайын еңбектенеді. Егер өткен жылы коммуналдық қызмет автопаркінің (Астана Тазалық пен Астана Зеленстрой) арнайы техника мен жабдығы 165-тен аса бірлікке көбейсе, биыл тағы 125 бірлік арнайы техника мен 100-ден аса қосымша жабдық сатып алынды.
Өткен жылдан бері жалақы мен сыйақы көлемі артты. Келесі жылы да коммуналшыларымыздың еңбегін қолдап, оларға жағдай жасау бойынша жұмыс жүргізуді жалғастырамыз.

ТЖ режимі кезінде біздің жүргізушілер де алдыңғы шепте болды. Олар біздің медициналық қызметкерлерді, әлеуметтік жұмысшыларды тасыды. Карантин цифровизация саласын дамытуды жалғастыру керек екенін көрсетті. Автобустарға 100% валидаторлар орнатудың арқасында, жүргізуші мен жолаушының байланысын төмендету үшін, төлемақы жасауда қолма-қол есептесу алынып тасталды.

Бұдан бөлек, парк жыл басынан бері 100 электрлі автобуспен толықты. Оларды пайдалану экологиялық (атмосфераға зиянды қалдықтар бөлмейді) және үнемдік жағынан тиімді. Экологияның маңызын ескере отырып, жеке инвестиция есебінен автопаркті жаңарту көзделіп отыр. Бұл ретте автопарк тағы 100 электроавтобуспен толығады»,– деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109