9021

Нұр-Сұлтандағы Президент барған мектепте қандай жұмыстар атқарылуда

Қазақстан Республикасының Президенті No23 білім беру мекемесіне барғаннан кейін салуды тапсырған жаңа мектеп бұрынғыдан екі есе үлкен болады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің «Instagram» парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«55 жыл бұрын салынған екі мектепке бардым.

Олардың бірі – №23 орта мектеп (Өндіріс тұрғын алабы). Оқу орнының жобалық қуаты – 350 орын. Бұл мектепке Мемлекет басшысы барып, жаңа мектеп салуды тапсырған болатын. Қазіргі оқу орны аумағында жаңа бес қабатты мектеп салып жатырмыз. Ол тағы 1200 оқушыны екі ауысымда қабылдай алады. Яғни, жаңа мектеп қазіргіден екі есе үлкен болады.

Бұған қоса №25 орта мектеп (ескі вокзал ауданы) директоры және мұғалімдерімен кездестім. Бұл жерде тағы бір мектеп салу мәселесін қарастыруды тапсырдым. Себебі сұраныс бар әрі бұл аудан – елорданың халық ең көп тұратын ауданы.

Биыл, 2019 жылмен салыстырғанда - екі есе көп мектеп салдық. Барлығы - 12 мектеп. Сондай-ақ, бұрын мектебі болмаған тұрғын алаптарында да салынды.

Көктемнен бастап 2021 жылға дайындалдық. Енді шағын мектептерден үлкен мектептер құрылысына көшеміз. Келесі жылы 20 мың орындық (екі ауысыммен - 40 мың орын) мектептер салуды жоспарлап отырмыз. Бұл - оқушылар орны 2020 жылдан екі есе, ал 2019 жылдан 4 есе көп болады деген сөз», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109