11349

Елордалық дәрігерлер коронавирустың ошағын атады

Нұр-Сұлтан қаласында мониторингтік топтар ойын-сауық мекемелеріне салынған тыйымның бұзу фактілерін анықтап, жолын кесуді жалғастыруда, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.


Жұрт көп жиналатын орындар коронавирус инфекциясының ошағына айналатыны белгілі. Дәрігерлердің айтуынша, ең алдымен ойын-сауық орындары, тамақтану орындары және сауда нысандары – індет таралатын ошақтың бірі. Өкінішке орай, кейбір шағын және орта бизнес өкілдері карантин шараларын жүйелі түрде бұзуды тоқтатпай келеді.


Мысалға әкімшілік сот «Alanya» түнгі клубының қызметін 3 айға тоқтатты және 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Сол сияқты «Janym Sol» караоке-бары, «Золото» мейрамханасы және «Tequila» кафе-бары бір ай жұмыс істемейді, сондай-ақ 70 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.


«Карантиндік шараларды қасақана бұзғаны үшін елорданың бірқатар түнгі клубтары мен қоғамдық тамақтану нысандарына қатысты тағы сегіз материал сот қарауында жатыр. Бұрын аталған субъектілерге заң бұзуды тоқтату туралы ұйғарымдар берілген. Құқық бұзушыларға қатысты қызметті тоқтата тұру туралы сот актісі орындалмаған жағдайда әкімшілік қамауға алу шаралары қабылданады», – делінген елордалық прокуратураның хабарламасында.


COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның деректері бойынша карантиндік шараларды мынадай нысандар тұрақты бұзып келеді: қоғамдық тамақтану нысандары (мейрамханалар, лаундж барлар, банкет залдары) – 160, сауда нысандары (дүкендер, супермаркеттер) – 57, ойын-сауық орындары (караоке, түнгі клуб) – 37, компьютерлік және ойын клубтары, СОО жанындағы Батут орталығы, ойын-сауық орталығы, боулинг орталығы) – 33, басқа объектілер (кинорумдар, сұлулық салондары, сауналар, моншалар, массаж кабинеттері, шиномонтаж) – 28.


Заң бұзушылар тізімінде мынадай жайттар жиі кездеседі: бұқаралық іс-шаралар өткізу, жұмыс режимін, келушілердің белгіленген санын (30-дан астам), нысан жұмыскерлерімен (даяшылар,сатушылар) бетперде режимін сақтамау, ойын-сауық мекемелерінің жұмысына салынған тыйымды елемеу.


Елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратына сәйкес, өткен жылдың 5 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін 1 454 жеке, лауазымды және заңды тұлғалар жалпы сомасы 283 616 250 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109