13186

Түнгі клубтар, мейрамханалар және карантин: демалыс күндері елордада жүргізілген тексеріс

Мониторинг топтар елорданың төрт ауданында кезекті рейд өткізді. Тексеру қорытындысы бойынша карантин шараларын бұзған ондаған мейрамханалар, кафелер мен караоке-барлар анықталды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Нұр-Сұлтанда қаласында мобильді топтар ойын-сауық мекемелеріне салынған тыйымның бұзылу фактілерін анықтап, жолын кесуді жалғастыруда.
Мысалы, Байқоңыр ауданында «Сивый мерин» сыра барында келушілер туған күнін түнде атап өтті. «Кедровый бор» саунасында да уақытша шектеу шаралары еленбеді. Ал «Шашлыкофф» гриль-барында мекеме қонақтары әлеуметтік қашықтықты сақтамағаны және кальян пайдаланғаны анықталды.
Сарыарқа ауданында барлық тыйымдар мен санитарлық нормаларды елемей, «Қарақат» мекемесі жұмыс істеді.
Осыған ұқсас жағдай елорданың басқа аудандарында да орын алған. Мониторингтік топ мүшелері атап өткендей, шағын және орта бизнес нысандарының иелері тексеру жүргізуге өз тарапынан кедергі келтіріп, тексеруші топ мүшелерін ішке кіргізбейді. Осылайша істі күшейте түседі. Сонымен қатар, қадағалау органдарының мәліметінше, карантиндік шараларды жүйелі түрде бұзғаны үшін заң бұзушылар қатаң жазаға тартылады.
«Қазіргі уақытта карантиндік шараларды қасақана бұзғаны үшін елорданың бірқатар түнгі клубтары мен қоғамдық тамақтану нысандарына қатысты сегіз материал сот қарауында жатыр. Бұрын аталған субъектілерге бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар берілген. Құқық бұзушыларға қатысты қызметті тоқтата тұру туралы сот актісі орындалмаған жағдайда әкімшілік қамауға алу шаралары қабылданады», - деп хабарлады қалалық прокуратура.
Елорданың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратына сәйкес, өткен жылдың алты айында шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін 1 454 жеке, лауазымды және заңды тұлғалар жалпы сомасы 283 616 250 теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109