12745

Нұр-Сұлтан қаласының коммуналдық қызметіне қосымша қысқы техникалар қосылды

Биылғы қысқы маусымда «Астана Тазалық» және «Астана Зеленстрой» саябақтары 125 бірлік арнайы техникамен және 100-ден астам қосымша жабдықтармен толығады. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

«2019 жылы коммуналдық қызметтердің жабдықтарын саралағанда, олардың 30% тозғанын көрдік. Арнайы техникаларды жүйелі түрде жаңартып келеміз. Бұл — жұмыстың қарқынын арттырумен қатар, ауа райына қарамастан күндіз-түні жұмыс істеуге мәжбүр коммуналдық қызметкерлердің жұмысына қолайлы.

«Астана Тазалыққа» бірінші кезеңде 60 арнайы техника мен қосымша жабдықтар беріліп отыр. Олар — қалақты тиегіштер, тракторлар, минитиегіштер, сыпырғыш машиналар, бірегей жол машиналары және т.с.с. Биыл «Астана Тазалық» пен «Астана Зеленстройдың» паркі 125 арнайы техникамен және 100 қосымша жабдықпен толығады. Олардың біразын көктемгі-жазғы маусымда қолдануға болады.

Былтыр коммуналдық шаруашылықтардың автопаркі 165 арнайы техника және жабдықпен толыққан болатын. Сонымен бірге, қызметкерлерді ынталандыру да көлеңкеде қалмауы керек: 2019 жылы олардың жалақысы өсіріліп, сыйақы да енгізілді. Бұлайша жағдай жасау биыл да жалғасатын болады», — деп жазды Алтай Көлгінов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109