3310

2021 жылы Нұр-Сұлтанда 40 мың оқушы орны қосылады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мектеп құрылысы бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. 2020 жылы 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп мектеп салынып, пайдалануға берілді. Бұл 12 оқу орны. Жаңа мектептер бұрын мектеп болмаған елді мекендерде де салынды.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов аралау барысында бірқатар жаңа мектепке (№60 мектеп-лицей, №40 мектеп-лицей, №31 мектеп-гимназия) барып, тапсырма берді. 2021 жылы 2020 жылға қарағанда 2 есе көп, ал 2019 жылға қарағанда 4 есе оқушы қабылдайтын мектептер салынады.

"Білім беру сапасына назар аудару және ол үшін жағдай жасау өте маңызды. Халықтың өсуін, үш ауысымды және мектептерге артылған шамадан тыс жүктемені ескере отырып, жыл сайын елордада кемінде 10 мектеп салу қажет. Былтыр 12 мектеп салынды, бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Биыл оқушы орындарының санын тағы екі есе арттырамыз. Бұл – 20 мың оқушы орны, екі ауысымда-40 мың оқушы орны болмақ.

№60 мектеп-лицейі (Сарыарқа ауданы) екі ғимараттан тұрады және 2400 орынға есептелген (екі ауысымда 4800). Мұнда 5 мыңнан астам оқушы оқиды. Қосымша жұмыс істеп тұрған оқу орны аумағында мектеп салынды, ол екі ауысымда тағы 1100 орын қосады. Осылайша, мектепке артылған шамадан тыс жүктеме кеміп, жаңа оқушы орындары пайда болады.

№40 мектеп-лицейі (Сарыарқа ауданы) 17 жыл бұрын салынған. Жобалық қуаты 850 орын (екі ауысымда – 1700), мұнда 2 мыңға жуық оқушы оқиды. Аталған мектеп аумағында 1 мың орынға (екі ауысымда) арналған тағы бір толыққанды оқу орны салынды. Осылайша, үш ауысымды оқыту мәселесі шешілді. Сонымен қатар аталған мектепті орталық жылытуға қосуды тапсырдым. Бұл жыл сайын мектепті жылытуға 100 млн теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ 45 жыл бұрын салынған №31 мектеп-гимназиясына (Байқоңыр ауданы) бардым. Мұнда 2 мың 700-ден астам оқушы оқиды. 1400 орындық жаңа ғимарат есебінен үш ауысымда оқыту мәселесі де шешілді. Бұнымен бірге қазіргі мектепте күрделі жөндеу жүргізуді тапсырдым. Президент тапсырмасы бойынша мектептерді салу және жөндеу жұмыстарын алдағы жылдары да жалғастырамыз", - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Үш ауысымда оқытатын мектептер саны 8-ден 4-ке дейін, ал шамадан тыс жүктеме артылған мектептер саны 22-ден 14-ке дейін қысқарды. Бұған қоса елордада жеке инвестициялар тарту есебінен бірқатар мектеп салынып жатыр.

Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 50-ге жуық мемлекеттік мектеп салу жоспарланған. Сонымен қатар Мемлекет басшысы барған №23 орта мектеп (Өндіріс елді мекені) аумағында бес қабатты мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109