Елордада «Белсенді сайлаушы» конкурсының жеңімпаздары анықталды
Қатысу үшін өз сайлау учаскеңізді онлайн-сервистер арқылы тексеру қажет болатын, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Мұны 3 жолмен жасауға болады:
1. Әкімдіктің Веб-порталы astana.gov.kz. (басты бетінде «Сайлау учаскеңізді табыңыз»);
2. Smart Astana мобильді қосымшасы («Қалалық қызметтер» бөлімінде);
3. Телеграм-бот @smartastana_bot («қызметтер» бөлімінде).
Сіз мекенжайыңызды көрсете отырып тексере аласыз:
1) ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі);
2) аты-жөні және туған күні;
3) тұрғылықты жері бойынша тіркелген мекенжайы.
Онлайн режимінде сайлау учаскесінің нөмірін, орталықтың мекенжайын және атауын, сондай-ақ картадан сайлау учаскесі орталығының орналасқан жері туралы белгіні алуға болады.
2021 жылдың 5 қаңтарында ЖСН, аты-жөні және туған күні бойынша онлайн-сервистер: әкімдіктің веб-порталы, astana.gov.kz, Smart Astana және Telegram_bot Smart Astana мобильді қосымшасы арқылы сайлау учаскесін тексерген азаматтардың сұраныстарын мониторингілеу деректеріне сәйкес жеңімпаздарды анықтады.
Өз учаскесін тексерген әрбір 5000-шы азамат жеңімпаз деп жарияланады.
Егер сіз өзіңізді жеңімпаздар тізімінен тапсаңыз, Нұр-Сұлтан қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасына 55-73-61 телефоны арқылы байланысуыңызды сұраймыз.
-
«Белсенді сайлаушы» байқауының жеңімпаздарының тізімі Docx 20.07 Кб
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz